Ақтөбе облыстық дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы қызметіне Жолдас Қалмағанбетов тағайындалды. Ол еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Дін істері басқармасына Жолдас Қалмағанбетов басшы болып тағайындалды. 39 жастағы Жолдас Нұрланұлы жоғары білімді. Ол Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын Темір ауданында жалпы білім беру мектебінде бастады. 2004-2009 жылдар аралығында Темір ауданындағы Тасқопа және Шұбарши селолық округтерінде әкім болды. 2009 жылдың тамыз айында Темір аудандық білім бөлімін басқарып, 2015 жылдың сәуірінен бастап Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар