-
ОНЛАЙН:
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денсаулық жағдайыма байланысты жұмыстан босатылдым. Себебі соңғы кездері жүрек ауруы қатты мазалап, осындай шешімге келдім. Облысты артқа тартқым келмеді. Істің басына келген білімді де қабілетті жас жігіттерге қолдау көрсетуіңізді өтінемін. Жағдайымды сұрап қолдау білдіргендеріңізге көп рахмет», - деп жазды Самат Данияров.
Айта кетейік, Самат Данияров басқарма басшысы болып 2020 жылдың шілде айында тағайындалған болатын. Арада үй ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қызметінен кетті.
Ол әр жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында инспектор, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымдарын атқарды.
2017 жылдан бастап отбасылық медицина орталығының бас дәрігері болып келді.
- Ақтөбеде мектепке бір аптада 2 мәрте «бомба қойылды»
- Қазақстанда 27 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр
- Коронавирус: Қазақстан үшінші күн қатарынан «қызыл» аймақта тұр
- Атырауда вирусқа қарсы дәрілер сатылымнан алынды деген ақпарат - жалған
-
Бір тәулікте 130 адам коронавирус пневмониясына шалдықты
-
1,3 мың қазақстандық коронавирустан жазылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам