19:01, 23 Қараша 2022 | GMT +6
Ақтөбе мен Ырғыздың арасында жүк көлігі мен автобус жүруіне шектеу қойылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ауа райына байланысты «Самара-Шымкент» автожолында шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сенсек, бүгін, 23 қараша астана уақытымен кешкі 19.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының 776-1153 шақырым аралығында жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына тыйым салынды.
Бұл - «Ақтөбе - Хромтау - Қарабұтақ - Ырғыз» учаскесі.
Жолды жабуға ауа райының күрт нашарлауы, жаңбыр мен көктайғақ себеп болды.