Ақтөбе мен Түркістан облысында үсік жүреді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қазанда Қазақстанның екі облысында үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Түнде солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында 2 градус аяз болады.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында дауыл соғады. Түнде таулы аймақтарда, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз болады.


Соңғы жаңалықтар