Ақтөбе мен Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 24 сәуір күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметіне сәйкес, тек Ақтөбе және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Еліміздің өзге қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар