Ақтөбе медицина университетін бітірген дәрігерлер жұмысты ауылдан бастайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицинадық университеттің 200-ге жуық түлегі шалғай ауылдарда еңбек жолын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі медициналық университет түлектерінің 40% батыс өңірінің ауылдарында жұмыс істейді. Марат Оспанов атындағы БҚММУ студенттерінің кәсіби тәжірибесі мен түлектерді жұмысқа тұрғызу мониторингі кафедрасының меңгерушісі Алтын Алмағамбетованың айтуынша, биыл диплом алған 838 жас дәрігердің 583-і клиникалық интернатура және резидентура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім грантымен оқыған. Олар жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, терапевт, акушер-гинеколог және хирург секілді сұранысқа ие мамандықтарды меңгерді.
«Медициналық университетте жыл бойы Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарына қажетті медицина қызметкерлерін бөлу жұмысы жүреді. Бұл жолы да жұмыс беруші, облыстық денсаулық сақтау өкілдері және ресурстық орталық өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті. 2019 жылдың сәуір айында республикалық комиссияның шешімімен 460 түлек өңірлерге жіберілді. Сондай-ақ декреттік демалысқа шыққан, жүкті және 3 жасқа дейінгі баласы бар 124 түлек бұл міндеттен босатылды. 185 жас маман ауылдық жерлерге жіберілді. Енді бес облыстың отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында және аудандық ауруханаларында мемлекеттік білім грантымен және ауыл квотасымен білім алған түлектер жұмыс істейді», - дейді Алтын Алмағамбетова.
Аудандық ауруханалар үшін жалпы тәжірибе дәрігері аса қажет. Әрі педиатр, акушер-гинеколог, анестезиолог, реаниматолог және салалық отоларинголог, анестезиолог пен офтальмолог тапшы.
«Ауыл тұрғындары да жоғары медициналық қызмет алуы тиіс. Медицина қызметтерінің сапасын жақсарту үшін біз түлектерді ауылға жібереміз» - деді студенттердің кәсіби тәжірибесі мен түлектерді жұмысқа тұрғызу мониторингі кафедрасының меңгерушісі А.Алмағамбетова.
Айта кетейік, университет бітірушілерін жұмыс орындарына бөлу жұмысы 1 шілдеде аяқталды. Түлектер 1 қыркүйектен бастап жұмысқа кіріседі.

Соңғы жаңалықтар