Ақтөбе колониясында бүлік шығарғандар 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының № 2 сотында осы жылдың шілде айында 168/2 колониясында бүлік шығарған бес сотталушыға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен

Жазасын өтеушілер ҚР ҚК-нің 360 бабы - қылмыстық-түзеу мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау бойынша айыпты деп танылып, әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Іс материалдарында жазылғандай, 2014 жылдың шілде айында сотталушы Әсет Темірзахов Н.Қосмағамбетов, С.Дәулешов, Ж.Әлібаев, Б.Хыдыров және тағы басқа сотталушылармен бірігіп колонияда бүлік шығарды. Бөлімшелерлің бірінде бекініп алған олар есімдері белгісіз сотталушылар тобымен іштерін кесіп, басқа сотталушыларды осыған мәжбүрледі, сондай-ақ колония басшылығына режімді жұмсарту қажеттілігі туралы талаптар қойды.

Бүлік кезінде сотталушылар колонияның мүлкіне шамамен 700 мың теңгеге зиян келтірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар