Ақтөбе көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға 450 миллион теңге жұмсайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 450 миллион теңге бөлінді. Арнайы штаб түні бойы су тоғандарын күзетуге көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласына су тасу қаупі төніп тұрған жоқ. Су тасқынына қарсы штаб төтенше жағдайдың алдын-алу кезінде 100-ден астам тұрғын үй мен 20 саяжай ұжымында су сору, ағын судың арнасын бұру жұмыстарын жүргізді. 

«Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында арнайы техникаларға JPS-навигаторлар қондырылды. Сонымен қатар, 4 мың тонна инертті материал, 2000 дана құм толтырылған қапшық дайындалды. Қала аумағындағы гидротехникалық құрылыстар мен бөгеттердің жағдайы бақылауда. Су тасқынына қарсы штабқа 1 мыңға жуық қоңырау түсті. Қала аумағынан 75 мың текше метр су сорылып, 1034 тонна инертті материал жұмсалды»,- деді қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров. Оның айтуынша, халықты эвакуациялайтындай жағдай болса, 4 мектеп арнайы дайындалған. 

Айта кетейік, биыл Ақтөбеде суағарлар құрылысы басталады. Өткен жылы бір объект бойынша жеңімпаз анықталды. Бірақ қыс түсіп, суағар құрылысы тоқтатылды. Көктем келе жұмыс қайта қолға алынып, 12 нысанды жобалауға тағы 100 миллион теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар