Ақтөбе қаласының тұрғыны Оралда есірткі сатып ұсталды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақтөбе қаласының тұрғыны, 25 жасар С. Оралда есірткі сатып ұсталды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ол қазанның 22-сінде қаланың «Солтүстік-шығыс» шағынауданында сараптама қорытындысына сәйкес 484 грамм марихуана сатқан. Сол күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аумағында әскери кафедра жанында ұсталған кезде С-дан 1 килә 134 грамм марихуана және табылған. Бұл іс-шараны криминалдық полиция басқармасы, «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері жүргізді.

Соңғы жаңалықтар