Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05
Jańalyqtar

Ақтөбе қаласының ортасындағы өзен құрғап кетті

2019 жылғы 21 мамыр 19:13 725
Бөлісіңіз:
Ақтөбе қаласының ортасындағы өзен құрғап кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қаланың ортасымен ағып жатқан Сазды өзенінің арнасы құрғап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе экологиясына қатысты Президент тапсырмасын қалай орындауда Президент тапсырмасы: Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту жұмысы уақытша тоқтатылды

Сазды өзенінің арнасы құрғап кетті. Сондықтан Сазды су қоймасы ашылып, өзен арнасын толтыру жұмысы басталды.

«Жылда су қоймасы толып, артылғаны қала ішіндегі арнаға келетін. Негізі 7 миллион текше метр су болуы керек, ал қазіргі кезде 2,8 миллион текше метр су бар. Айырмашылығы көрініп тұр. Яғни, су өз еркімен қала ішіне келмей қалды.  Сондықтан арнайы жіберіліп, су бау-бақшаға, гүл, көгалды суару үшін беріліп жатыр. Жақын күндері өзен арнасы да толады», - деді қаласы әкімі аппаратының әскери жұмылдыру жұмыстары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев.

Ақтөбе қаласының ортасындағы өзен құрғап кетті 

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 2017 жылы су тасқыны болып, биыл 8 өзеннің арнасын тазарту жұмысы қолға алынды.

Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 


Ақтөбе қаласының ортасындағы өзен құрғап кетті 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT