Ақтөбе қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қаланың бұрынғы әкімі Бекбол Сағын облыстық қаржы департаментіне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2015-2016 жылдары аралығында Ақтөбе қаласын басқарған Бекбол Сағын көп ұзамай сол кездегі Астана қаласына қайта оралған болатын. Өз еркімен жұмыстан шыққан Бекбол Сағын бүгін облыстық қаржы департаментіне басшы болып тағайындалды.

«Бекбол Сағын 1972 жылы туған. Жоғары білімді. Алматы халық шаруашылығы институтында, Қазақ гуманитарлы-заң университеті, Қазақ инженерлі – техникалық академиясында білім алған. Еңбек жолын 1993 жылы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау Комитетінің басқармасында аға, бас бақылаушы-тексеруші болып бастаған. Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы болып жұмыс жасаған. Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласының қаржы басқармасының басшысы, Ақтөбе қаласының әкімі, Астана қаласының «Алматы» ауданының әкімі қызметінде болған», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аппарат жиынында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Алмаз Әлімбаевты таныстырды. 41 жастағы Алмаз Әлімбаев Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Қайнар» университетінің түлегі. Еңбек жолын 2001 жылы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының маманы, Қарғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қарғалы, Новый ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.



Соңғы жаңалықтар