Ақтөбе қаласында су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында су тасқынының алдын алу үшін жедел штаб құрылды. Барлығы 100-ден астам техника су сору жұмыстарын жүргізуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Қалалық су тасқынына қарсы штаб бүгін өз жұмысын бастап, мамандар тұрғындардан шақыру ала бастады. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашевтің айтуынша, биыл 100-ден астам су сору техникасы дайындалды. Сонымен қатар, 10 жүк көлігі, 3 жылжымалы насос бар. Тіпті, бульдозер, кран, экскаваторлар, тиегіштер, трал да дайын тұр.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаңтар айынан бастап 190 мың текше метрден астам қар шығарылды. Көмек сұраған тұрғындарға су сору көлігі мен инертті материалдар тек комиссия қорытындысынан соң беріледі.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы бойынша барлығы 43 елдімекенді су басу қаупі басым. Бұл аумақта 12 мыңнан астам адам тұрады. Төтенше жағдайлар қызметі алдағы екі күнде жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілуі мүмкін деген ескерту жасады. 

Соңғы жаңалықтар