+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ақтөбе қаласында қоқыс шығару компаниялары жұмысын тоқтатты

2019 жылғы 21 тамыз 13:23
Бөлісіңіз:
Ақтөбе қаласында қоқыс шығару компаниялары жұмысын тоқтатты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында қоқыс шығаратын үш компанияның екеуі жұмысын тоқтатты. Қазір осыған байланысты әкімдікте жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды Теміржолшылар Алматы-Петропавл пойызын дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алды БҚО-да қыз бала өзіне-өзі қол жұмсады

Қаланың бір бөлігіндегі қатты қалдықтарды шығарған №27 басқарушы компаниясы және «Таза Лайф» жеке кәсіпкері өз жұмысын тоқтатты.

«Қаржылық қиындықтарға байланысты екі компания өз жұмыстарын тоқтатып жатыр. Олар – №27 басқарушы компаниясы мен «Таза Лайф» жеке кәсіпкері. Себебі қазіргі тариф арнайы техника мен қызметкерлерді ұстауға арналған қаржыны өтей алмай отыр. Ақтөбеде әр адамға 104 теңге. Тұрғындардың 60% қоқыс шығаруға төлемін жасамай жүр. Сондай-ақ Ақтөбеде ірі қоқысты жинау мәселесі күрделі болып тұр. Мәселен жиһаздар, құрылыс қалдықтары, сантехниканы шығару мәселесі тарифке енгізілмеген», - деп хабарлады қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Екі қоқыс компаниясына тиесілі аумақты өзге компания тазалайды. Олар әзірге ақысыз қызмет көрсетпек. Әрі тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жаңа байқау жарияланады.

Еске салсақ, Ақтөбедегі екі қоқыс компаниясы жұмысын тоқтатып, 2018 жылы қала аумағы он бөлікке бөлінді. Сәйкесінше 10 компания қызмет көрсетуін бастағанымен арада айлар өткенде бәрі бірінен соң бірі жабылды.

Бүгінде соңғы үш компанияның екеуі жұмысын тоқтатты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT