+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбе қаласында балабақша жұмысы кейінге шегерілді

2020 жылғы 16 мамыр 19:13
Бөлісіңіз:
Ақтөбе қаласында балабақша жұмысы кейінге шегерілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп, балабақша жұмысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері «Ақтөбе облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша әрі қарай жүргізілетін шектеу шаралары және Ақтөбе қаласындағы карантин режимі туралы» жаңа қаулы шығарды.

Құжатта блокпостардағы санитарлық-карантиндік бақылау жұмысын күшейту тапсырылды. Басқа өңірлерден келетін адамдарды, оның ішінде Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының тұрғындарын ПТР әдісімен тестілеу арқылы өткізу үшін 2 тәулік карантиндік стационарда оқшаулау қажет. Кейін 14 күн үй карантинінде бақылауды жалғастырады.

Ал вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар ауысым сайын ПТР тапсыруы тиіс. Әрі барлығы Ақтөбе облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бақылауында болады.

«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ қонақ шақырып, садақа жасауға, діни нысандарға баруға тыйым салынады. Қалада вирус жұқтырғандар саны 7% өсті. Сондықтан қала әкімдігі азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарларын, ауданы 2 мың шаршы метр болатын азық-түлік емес дүкендерді, спорт объектілерін, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да объектілерді, мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтарды, вокзалдарды ашу, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуді кейінге шегеруі тиіс. Жазғы сауықтыру лагерлері, фитнес клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейн, аквапарк, бильярд, боулинг орталықтары, компьютерлік интернет-клубтар, ойын залдары, букмекерлік кеңселер, лото ашылмайды. Адамдар да аса қажет болмаса үйден шықпаған жөн. Көпшілік орында маска кию міндеттеледі», - деп хабарлады Ақтөбе облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT