06:17, 16 Тамыз 2019 | GMT +6
Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма, 16 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 1 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып.
Синоптиктердің деректері бойынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қаласында ауа ластанады деген болжам бар.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.