Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің әкімі болып бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Мавр Абдуллин келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ілияс Испановтың жаңа қызметке ауысуына байланысты қалалық мәслихатқа Мавр Абдуллиннің кандидатурасы ұсынылды. Депутаттар қолдаған жаңа әкім қала активіне таныстырылды әрі оған міндеттер жүктелді.

"Мавр Ерғалиұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар. Ойыл ауданының әкімі қызметінен кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болды. Алдағы уақытта қаланы одан әрі дамыту қажет. Үлкен қала болғасын проблемалары да көп. Көпбалалы аналардың тұрғын үй мәселесі, инфрақұрылымды жақсарту және Президенттің тапсырмасымен өзен жағасын кеңейту жұмысы да бар", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

null
Үш жыл әкім болған Ілияс Испанов өз алғысын айтты.

"Үш жыл уақыт тез өтіп кетті. Оңай болған жоқ. Мен де көп нәрсе үйрендім. Елбасы Ақтөбені құтты мекен деп атады. Мұнда мен де тәжірибе жинадым. Кейбір нәрселер бітпей қалды, бірақ аяқталады деп ойлаймын. Жаңа басшыға табыс тілеймін", - деді Ілияс Испанов.

null
Жаңа әкім ақтөбеліктер үшін жақсы таныс. Аудандар мен ацыл шаруашылығы саласында еңбек еткен Мавр Абдуллин жұмысты әрі қарай жалғастыруға уәде берді.

"Қай азамат болса да өзі қызмет жасаған жерінде із қалдырғысы келеді. Ақтөбенің өсіп-өркендеуіне жұмыс істейміз", - деді Мавр Абдуллин.

null

Соңғы жаңалықтар