Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығының жетекшісі ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығының жетекшісі Ділмұхамбет Барбосынов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығының жетекшісі Ділмұхамбет Барбосыновқа қатысты сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу бойынша іс қозғалды. Ол Атжақсыновтан 1,9 миллион теңге алған. Ақша жеке кәсіпкер Ықақовқа аударылған, ал нақты жұмыс атқарылмаған. Бұл - пара. Қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Ділмұхамбет Барбосынов Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратына бағынады. Егер кінәсі дәлелденсе, қала әкімі аппаратының жекшісіне шара қолданылады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Досанов.


Соңғы жаңалықтар