Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ауысты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Азамат Бекет тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облысы, Жылыой ауданының әкімі болған.
Азамат Бекет 1983 жылы туған. Жоғары білімді. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Экономика және құқық академиясын тәмамдаған. Бокстан халықаралық дәріжедегі спорт шебері.
2004-2013 жылдары Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Алматы, Астана қалалары мен Батыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде еңбек етті.
2013-2016 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.
2016 жылдың көктемінде Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынының басшысы болды.
2018 жылдан Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарды.
- Жемқорлық туралы ақпарат берген ақтөбеліктерге 2 млн теңге сыйақы берілді
- 20 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Әсет Тұрысов цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
- Ақтөбеде карантин талабын сақтамағандарға 177 млн теңге айыппұл салынды
-
Павлодар облысында демалыс күндері локдаун енгізілді
-
Үкімет құрамына алғаш кірген министрлер ант берді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам