Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары пара алды деп айыпталып отыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары мен ЖШС өкіліне қатысты тергеуді бастады.

Шенеунік аталған ЖШС өкілінен қала аумағын абаттандыру бойынша жасалған келісім сомасынан 100 млн теңге көлемінде пара алған.

Ол осы пара арқылы 2020 жылғы тендерде қамқорлық көрсетуге тиіс болған.

Тергеу жалғасып жатыр. Бұдан басқа мәлімет жария етілмейді.

«Айыптылардың кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар