+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары әкімдіктен көмек сұрады

2019 жылғы 22 қазан 15:42
Бөлісіңіз:
Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары әкімдіктен көмек сұрады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызғалдақты ауылының тұрғындары халықаралық тасжолға жүргіншілер жолағын салып беруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызғалдақты ауылында 50 үй бар. Бұл ауылдың балаларын мектеп автобусы тасиды, ал тұрғындар Қурайлы ауылының автобусына міну үшін жолға шығып, белгіленбеген жерде тұруға мәжбүр.

«Ауылда 13 жылдан бері тұрамын, жасым – 80-де. Немерелерімді дайындық сабақтарына шығарып салу үшін халықаралық тас жолдағы қоршауды секіріп өтуге тура келеді. Аялдамалары да жоқ. Секіруге де күш керек», - деді ауыл тұрғыны Мағрупа Хайруллина.

Бұл жерде бірнеше адам көлік астына түсіп, мерт болған. Кеш қарая жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі адамдарды көрмей қалып жататын оқиғалар жиі болады.

«Ауылда 25 жылдан бері тұрамын. Немерелерімізді сабаққа тасып жүру қиындап кетті. Алты ай бұрын туысымыз үйленіп еді. Келіншегі осы жолға шығамын деп көлік астына түсіп, мерт болды. Жездем, күйеу балам да осы жолда көз жұмды. Қараңғы кезде қатты келе жатқан көлік көрмей қалады. Аялдама да жоқ. Аяғымыз ауырғанда темір қоршаудың астынан еңбектен өтеміз», - Мырзагүл Елтезерова.


Жол мен қоғамдық көлікке қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауапты. Мамандар мәселені білгенімен, ақша жоқ деп отыр.

«Тұрғындар әкімдікке арыз түсірді. Хат қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолданды. Қаржы мәселесіне байланысты аялдама, жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі шешілмей тұр. Алдымен жобалық-сметалық құжат жасалуы тиіс», - деді Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің орынбасары Алмас Жақсылықов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT