Ақтөбе инвесторлар үшін бар жағдайды жасайды - Оңдасын Оразалин

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында жергілікті және шетелдік инвесторлардың ұсыныстары мен сұрақтары талқыланды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өз сөзінде «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бизнес-ортадағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша оң жұмысын атап өтті.
«Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметте кеңейтілген отырыс өтті. Мемлекет басшысы экономика секторына инвестицияны тарту жұмыстары жергілікті биліктің ерекше басымдығы болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты біз »Ақтөбе - адалдық алаңы« жобалық офисінің алаңында күш-жігерімізді біріктіріп, инвесторлардың жұмысына қолайлы жағдай жасауымыз қажет», - деді өңір басшысы.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірге 210 млрд теңге инвестиция құйылды. Биыл өңір экономикасына 620 млрд теңге тарту көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы деңгейден 10% - ға артық.
Жоба жетекшісі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетовтың айтуынша, инвесторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімі Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлық көріністерінен 100% қорғауға кепілдік береді. Ал инвестор өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті сақтауы қажет.


Естеріңізге сала кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасы бір жыл бұрын басталған болатын. Бүгінге дейін 24 сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойылды. Барлығы 4 трлн 163 млрд теңге қорғалып, 52 мәселе шешілді.

Кездесуге онлайн-конференция арқылы қатысқан италиялық «Eni» трансұлттық компаниясының директоры Алекс Стиллавато мемлекеттік сараптама қорытындысын алу процесін жеделдету түрінде көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. Іс-шара соңында облыс әкімі тиісті мемлекеттік органдарға, «Ақтөбе »ӘКК «ҰК» АҚ, «Kazakh Invest »ҰК« АҚ Ақтөбе филиалына »Ақтөбе-адалдық алаңы« алаңында »Protecting Business and Investments« жобасы аясында инвестициялық жобаларды кедергісіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету туралы тапсырма берді.


Шара қорытындысы бойынша »Минеральные воды Казахстана« ЖШС, »Qazaq-Bel Лифт« ЖШС, »Bayau Capital LLP« ЖШС, »Казахстанский завод нефтянного оборудования« ЖШС »Protecting Business and Investments« жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қоюға ниет білдірді.


Соңғы жаңалықтар