Ақтөбе-Хромтау жолындағы кептеліс: Қозғалысты қалпына келтіру жұмысы басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе-Хромтау аралығында жол қатынасы үзіліп, бірнеше жүк және жеңіл көлік тоқтап қалды. Полиция қозғалысты қалпына келтіруге көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеден Хромтауға бет алғандар жолда тұрып қалып, хабарламаны әлеуметтік желі арқылы таратып жіберді.

Бейнематериалдан бірнеше жүк көлігімен қатар жеңіл көліктің қозғалыссыз тұрғанын көруге болады.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты түсінік берді.

«Қазіргі уақытта жол ашылды. Патрульдік полиция қызметкерлері 20-30 көлікті жинап, Хромтауға дейін жетуге көмектеседі. Бірін-бірі басып озуға болмайды. Бұл жол-көлік оқиғасының алдын алуға бағытталған жұмыс», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар