+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы 4 жұмысшының өліміне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

2020 жылғы 2 маусым 11:42
Бөлісіңіз:
Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы 4 жұмысшының өліміне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы 4 жұмысшының өліміне қатысты істің мән-жайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бейрут губернаторы: жарылыс шығыны 3-5 млрд долларды құрады Бейруттағы жарылыс: қаза тапқандар саны 100 адамнан асты Ерлан Саиров Бейруттағы жарылысқа байланысты пікір білдірді

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 28 мамырында Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы №4 цехта 4 жұмысшы көз жұмып , екеуі ауруханаға түскен болатын.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облыстық ПД бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлімі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық істі тіркеді.

«Гидроксил» химиялық заты болған 50 текшелік сыйымдылықты тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері бұзылған. ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде күдікті ретінде учаске шебері, бөлім бастығы және №4 цех бастығы ұсталды. Барлық үш адамға қатысты «Күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Барлық сараптама тағайындалды, қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар, наряд беру журналдары, лауазымдық нұсқаулықтар алынды. Тергеу жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT