«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры тағы бір ай үйқамақта отырады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе » футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев тағы бір ай үйқамақта отырады. №2 Ақтөбе қалалық соты тергеушілердің өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Дмитрий Васильев Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша күдікпен ұсталды. Сот шешімімен ол тергеу аяқталғанша үйқамақта отыруы тиіс. Сотқа дейінгі тергеумен айналысып жатқан қылмыстық қудалау органдары тергеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырып жатыр. Сондықтан күдіктіні үйқамақта ұстау мерзімі 8-ақпанға дейін ұзартылды», - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметкері Илиада Досова.

Айта кетейік, 2016 жылдың 8-қарашасы күні Дмитрий Васильев бдюжет ақшасын жымқырды деген айыппен ұсталған болатын. Сот шешімімен Дмитрий Васильев тергеу аяқталғанша Ақтөбе қаласындағы пәтерінде болады. Сол кезде оған телефон арқылы сөйлесуге, адамдарды қонаққа шақыруға тыйым салынған. Сонымен қатар, оған тексеру үшін телефон шалғанда, сот алды тергеу органдарына жауап беру міндеттелді. Сот шешімі талаптарының сақталуын Сыбайлас жерқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл Ұлттық бюросы облыстық департаменті қадағалап отыр.

Алтынай Сағындықова

Соңғы жаңалықтар