+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

2020 жылғы 14 қаңтар 18:24
Бөлісіңіз:
«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік маман Владимир Маминов «Ақтөбе» клубының бас бапкері ретінде жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: Чемпиондар лигасы қалай жалғасады Футбол: Қазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі «Бавария» 20-рет футболдан Германия кубогының жеңімпазы атанды

«Ақтөбе» футбол клубы мәлім еткеніндей, В.Маминовпен келісімшартқа қол қойылған.

Команда құрамын жасақтай бастаған жаңа бас бапкер «Ақтөбемен» бірге жуырда Түркияда өтетін бірінші оқу-жаттығу жиынына аттанатын болады.

В.Маминов футболшы ретінде мәскеулік «Локомотив» құрамында 1992-2008 жылдары доп тепті.

Өзбекстан құрамасында да ойнаған 45 жастағы В.Маминов бапкерлік мансабын «Локомотивте» бастап, бас бапкердің көмекшісі болды. Уақытша бас бапкерлік міндетін атқарған ол кейін Қазанның «Рубин» клубына ауысты. 2014 жылдан бастап «Химки», «Солярис» (Мәскеу), «Тюмень» клубтарын бас бапкер ретінде жаттықтырды.

Кезінде бес мәрте ел чемпионы, үш реттен күміс және қола жүлдегер атанған «Ақтөбе» өткен маусымда премьер-лигадан түсіп қалған болатын. Биыл В.Маминовтың жетекшілігімен оған қайта оралуды мақсат ететіні сөзсіз.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барселонаның» бас бапкері ауысқанын, «Астанаға» Михал Билектің келгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT