«Ақтөбе» ФК ойыншылар алдындағы қарызды толық өтеді - Оңдасын Оразалин

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» ФК ойыншылар алдындағы қарызды толық өтеді. Футбол клубын жекешелендіру ісі кейінгі шегерілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы «Ақтөбе» ФК қиын кезеңді өткерді. Ұйымдастыру, қаржыландыру арқылы команда қайта жасақталды. Бірінші лигадан Премьер-Лигаға қайта оралды. Жанкүйерлер қуанышты. Аудандарды аралаған кезде олардың да «Ақтөбе» ФК ертеңіне алаңдайтынын, жаны ашитынын білдім. Зейнеткерлер, жанкүйерлер ойын болатын күні такси жалдап, арнайы келеді екен. Сол адамдардың сенімін ақтау - біздің міндетіміз. Қазіргі кезде «Ақтөбе» ФК ойыншыларға қарыз емес. Салық та уақтылы төленді. Қазір бір ойыншымен арада сот отырысы өтіп жатыр. Бір мәмілеге келеміз деген сенім бар», - деді Оңдасын Оразалин.

Сонымен бірге футболды қолдау мақсатында қосымша алаң жөнделіп, онда қысы-жазы жаттығу жасауға жағдай жасалды. Алдағы уақытта Орталық стадион жөнделеді.

«Орталық стадион футбол клубына сенімгерлік басқаруға берілді. Ал қаржы тек «Ақтөбе» ФК емес, шағын футбол, балалар және жасөспірімдер үйірмесіне де беріледі. Келер жылы оңтайландыру жұмысы жалғасады. Қаржыландыру кезінде демеушілер көмегіне жүгінеміз», - деді өңір басшысы.


Соңғы жаңалықтар