«Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры Васильевтің ісі сотқа түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы директоры Ескендірбек Махановқа қатысты іс сотқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы директоры Ескендірбек Махановқа қатысты істі тергеу аяқталды. Іс №2 қалалық сотына түсті.

«Іс материалдарына сәйкес Васильев Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу», Есендірбек Маханов «Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. 2016 жылдың 16 қарашасы күні  тергеу судьясының қаулысымен Васильевке қатысты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасы берілген болатын. Ал Ескендірбек Махановқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді»,- деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Еске салсақ, Дмитрий Васильев қазір үйқамақта отыр .  Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қылмыстық іс бойынша кінәлілер жазасын алатынын айтып, биыл есеп беру кездесуінде Васильевті «Ақтөбе» футбол клубына әкелмегенін жанкүйерлерге түсіндіріп берген болатын .  

Соңғы жаңалықтар