«Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры 1 млрд теңге моральдық шығын талап етті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев түрмеде заңсыз отырып, қоғам алдындағы ар-намысына зиян келтіргені үшін 1 миллиард теңге моральдық шығынды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» ФК бас директоры қызметін атқарып, қаржыны талан-таражға салды айыпталып, сотталған Дмитрий Васильев Жоғары сотта ақталып шықты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ол емдеуге, көлік қатынасы мен пәтер жалдауға, қорғаушыларға жұмсаған қаржысын, бұғатталған ақшасын ҚР Қаржы министрлігінен өндіріп алатын болды.  Бүгін Ақтөбе қалалық сотында Д.Васильевтің азаматтық арызы қаралды.

«Мен 1 миллиард теңге моральдық шығынды дұрыс деп есептеймін. Тіпті, мен аз ақша сұрап отырмын. Талабым заңды әрі жан-жақты қаралған. Алдағы уақытта біз моральдық шығынның көлемін көбейтуді жоспарлап отырмыз»,- деді талапкер Д.Васильев.

Алдын ала сот тыңдауы кезінде өтініш хаттар қабылданып, құжаттар тіркелді.  Ертең сот отырысы жалғасады.

Айта кетейік, Дмитрий Васильев материалдық шығынға қатысты сот шешіміне келіспей, аппеляциялық шағым түсіретін болды.

Соңғы жаңалықтар