Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 18 °С
USD 339.95 EUR 392.64
RUB 5.30 CNY 52.51
Жаңалықтар

Ақтөбе емханаларында дәрігерлерге мобильді қосымша арқылы жазылуға болады

2018 жылғы 14 наурыз 14:02 1048
Бөлісіңіз:
Ақтөбе емханаларында дәрігерлерге мобильді қосымша арқылы жазылуға болады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде дәрігерлерге кезек күтіп отырмай, мобильді қосымша арқылы жазылуға болады. Бүгін жұмыс сапарымен Ақтөбеге келген Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевке №3 емханадағы цифрландыру жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы екі жылда электрондық коммерцияға 200 мың адам келеді – Сағынтаев Бақыт Сұлтанов цифрландыру саласындағы әкімшілендіру тиімділігін жақсартуға уәде етті

Ақтөбеде емханаға келген адам арнайы талон алып, учаскелік дәрігерге барады. Сонымен қатар, арнайы мобильдік қосымша дайындалды. Ол дәрігерге жазылуға, анализдердің қорытындысын алуға мүмкіндік беріп отыр.

«Біз мобильдік қосымша туралы айтып, түсіндіргенімізбен, адамдар бірден қабылдай алмады. Сондықтан білікті маманды бөліп, емханаға келген адамдарға түсіндіру жұмысы жеке жүргізіліп жатыр. Жастарға өте ыңғайлы. Мобильдік қосымшаны төлқұжат арқылы тіркеп, емханаға сұраныс жіберіледі. Қабылдаған соң дәрігерлерге жазылу ыңғайлы. Үш айдан бері осы бағдарламамен жұмыс істеп жүрміз. Соңғы бір айда 140 адам жүктеп, қолданып жүр», - деді емхананың бас дәрігері Жәнібек Нармұхамедов.

Мобильдік қосымшаны түсіндіру, жарнамалау жұмыстарына медициналық колледж, университет студенттері жұмылдырылды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламаны дайындап, оны түсіндіретін, іске асыратын мамандарды оқытуды тапсырды. Сол кезде ғана жоба Қазақстан бойынша қолданылады, іске асырылады. Цифрландыруды енгізумен қатар оны белсенді пайдалана білу маңызды. Емханалардың бәрінде арнайы маман болуы шарт. Әйтпесе, цифрландыру жұмысы ұзаққа созылады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

Ақтөбе емханаларында дәрігерлерге мобильді қосымша арқылы жазылуға болады 

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша медицинадағы цифрландыру 72 пайызға жетті. Осы жылдың 15 сәуірінде бұл көрсеткіш 100 пайызға болады. Қазіргі уақытта қызмет көрсетудің 18 түрі бойынша қағаз құжаттар емес, электронды қорытындылар жүргізіледі. Әрі облыс орталығында рентген сынамасы пленкаға шығарылмайды, электрондық нұсқада беріледі. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат