+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбе дәріханаларына мониторинг жүргізген депутаттар кей дәрілерді таба алмады

2020 жылғы 13 шілде 18:33
Бөлісіңіз:
Ақтөбе дәріханаларына мониторинг жүргізген депутаттар кей дәрілерді таба алмады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерімен бірге Ақтөбедегі дәріханаларды тексерді. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда Дәрі-дәрмек пен масканы қымбат бағаға сатқандар ұсталды – Түркістан Атырауда сертификатталмаған 244 мың теңгенің дәрісі тәркіленді

Ақтөбе облысының тұрғындары үшін дәрі-дәрмек жетіспеушілігі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Мәжіліс депутаттары Ақтөбе қаласының ірі дәріханалық желілеріне мониторинг жүргізу мақсатында осындай қорытынды жасады.

Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский мен Құралай Қаракен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерімен бірге Ақтөбе қаласындағы «Миллениум», «АРС», «Айболит», «Биосфера» сияқты ірі дәріхана желілеріне мониторинг жүргізді.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындары коронавирус індетімен және пневмониямен ауырғандар санының өсуіне алаңдап отыр. Осыған орай тұрғындар бірнеше рет Парламент депутаттарына жағдайға назар аударып, дәріханаларға бақылау жасау қажеттігі туралы айтқан болатын.

«СК-Фармация» бірыңғай операторының аймақтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы таратылған ақпаратына қарамастан, Ақтөбеде медициналық препараттардың жетіспеушілігі проблемасы әлі де өзекті болып отыр.

Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, тексерілген дәріханаларда «Цефтриаксон», «Цеф ІІІ», «Метрид», «Лавомакс», «Парацетамол», «Цефазолин», «Аскорбин қышқылы», «Лидокоин гидрохлориді», «Амбро» және басқа бүгінгі таңда сұранысқа ие дәрілік препараттардың жоқтығы байқалады.

Жұмыс тобы мүшелерінің және дәріхана өкілдерінің айтуынша, жақын арада оларға берілген өтінімдерге сәйкес қажетті дәрі-дәрмек түседі деп күтілуде. Қазіргі уақытта дәріханалар штаттық режимде жұмыс істеуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT