Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолы жабылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтөбе-Бұлғарқа-Шұбарқұдық» жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Қатты боран, жел (секундына 23 метр) салдарынан «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолы жабылды», - делінген ТЖД хабарламасында. Ертең, ауа райы болжамына сәйкес, облыста екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін желдің күшеюі, қалың көктайғақ және қалың қарлы боран қаупі күтілуде.


Соңғы жаңалықтар