Ақтөбе ауыл шаруашылығын дамытуға 12 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсайды
2017 жылғы 12 сәуір 22:26

Ақтөбе ауыл шаруашылығын дамытуға 12 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің ауыл шаруашылы саласын дамытуға биыл 11,7 миллиард теңге жұмсалады. Қаржы егін шаруашылығы мен мал басын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бөлінген қаржы жыл өткен сайын артып келеді. Биыл ауыл шаруашығына 11,7 миллиард теңге бөлінді. Оның 3,3 миллиард теңгесі инвестициялық субсидия болып есептеледі.

«ҚазАгро» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындары арқылы ауыл шаруашылығына берілген несиелер көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылы 1500-ден астам өтінім мақұлданып, 7,5 миллиард теңгенің субсидиясы мен лизингтік шарттары жасалды. Бір жылда облыс шаруалары 365 техника сатып алды»,- деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құсайын Сәрсенбай.

Ауыл шаруашылығына инвестиция салу тартымды салаға айналды. Себебі, соңғы жылдары елімізде инвестициялық субсидия бөліне бастады. Өткен жылы Ақтөбе облысындағы 300-ден астам шаруашылыққа 2 миллиард теңгеден астам судсиядия берілді.

«Жыл басынан бері 379 миллион теңге инвестиция тартылды. Өсім бар. 2016 жылы барлығы 25 инвестициялық жоба іске асырылып, 200-ден астам жұмыс орны ашылды. Ал биыл 39 жоба іске асырылады»,- деді Сәрсенбай.

null

Jańalyqtar

MURAǴAT