+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбе ауруханасының бас дәрігерін әріптестері ақтық сапарға шығарып салды

2020 жылғы 12 шілде 02:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбе ауруханасының бас дәрігерін әріптестері ақтық сапарға шығарып салды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров көз жұмды. Әріптестері оны ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әр қазақ менің жалғызым» деп соққан тағы бір жүрек тоқтады. Өкінішті. Отбасына, ағайын-туысына қайғыра көңіл айтамыз! Сіз бізге кәсіби біліктілігіңізбен қатар, адалдық, адамдық қасиеттеріңізбен үлгі болдыңыз, енді мәңгі жүрегіміздесіз», - деп жазды Хромтау аудандық ауруханасының ұжымы.

Қалихан Қозбағаровтың әріптестері карантин режимін сақтап, оны соңғы сапарға шығарып салды.


Бас дәрігердің қазасына орай облыс әкімі Оңдасын Оразалин де көңіл айтты.
«Облысымыздың бетке ұстар азаматы, ақ халатты абзал жан, инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қозбағаров Қалихан Есбосынұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамын.
Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы еңбек жолының көп жылдарын облысымыздың медицина саласын дамытуға және аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арнады. Антына адалдық танытып, әлемді жайлаған індетпен күрес жүргізу жолында өз басын қатерге тігіп, бар күш-жігерін жұмсап қаншама жанның өмірін сақтап қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Үкімет отырысында «Дәрігерлеріміздің денсаулығын сақтау, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен ынтасын арттыру – өте маңызды» деген болатын. Көзге көрінбейтін майданда аянбай күресіп жүрген дәрігерлердің еңбегі өлшеусіз. Біз де өз тарапымыздан облысымыздың дәрігерлеріне жан-жақты қолдау көрсету үшін бірқатар шараларды қабылдадық», - деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.


О.Оразалин атап өткендей, Қалихан Есбосынұлы көпшілікке қамқор аға, қоғам мен ұжымдастары арасында сыйлы, елі сүйетін ұлағатты жан болды.

«Жан-жағына мейірім шапағаты мол, жүрегі жылулыққа толы, білікті басшы Қалихан Есбосынұлының ізгілікті істері мен жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады.
Артында қалған әулетіне, тума-туыстарына амандық, төзімділік пен сабырлық тілеймін», - деді Ақтөбе облысының әкімі.

Қалихан Қозбағаров биыл 60 жасқа толар еді.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT