Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімін беру ұсынылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе» халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі беру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімін беру туралы ұсыныс енгізілді.

«Ақтөбе әуежайы ұсынысты қараша айында жолдады. Облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Кейін шешім республикалық ономастикалық комиссияға жіберілді. Комиссия да ақтөбеліктердің ұсынысын құп көрді. Енді бес министрліктің келісімі қажет. Ашық талқылау үшін облыс әкімдігі қаулы жобасын жариялады», - деді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маржан Жанатова. Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сүйеніп жарияланған.

Айта кетейік, қазіргі күні әйужайда 8 рейс бар. Алматы, Нұр - Сұлтан, Атырау мен Маңғыстау бағыты бойынша ішкі рейс, айына бір рет Мысырға бір рейс қарастырылған.

«Бірнеше ай бұрын ұсыныс енгізіліп, Үкіметке жіберілді. Ұсынысымыз қолдау тапты. Енді Әлия Молдағұлова атындағы әуежай жазбасы ілінеді. Бұл жұмыс бір ай ішінде атқарылады», - деді әуежай директорының орынбасары Ілияс Нұғманов.

Соңғы жаңалықтар