Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе халықаралық әуежайы Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Үкіметінің Қаулысы 2021 жылдың 28-сәуірі күні шыққан. №276 қаулыға сәйкес «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ-на Әлия Молдағұлова есімі берілді. Жаңа қаулы ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Айта кетейік, Жаңа қаулы 1993 жылы 8-желтоқсан күні шыққан ҚР «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының 10 бабы, 4 бөлімі 1 тармағына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сүйеніп жарияланған.

Еске салсақ, биыл қаңтар айында «Ақтөбе» халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі беру ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар