Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта жандандырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Әлия Молдағұлова әуежайы жұмысын қайта жандандырды. Бүгін Нұр-Сұлтан – Ақтөбе бағытында бір рейс келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі әуежай 17-наурыз күні жұмысын уақытша тоқтатып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Онда ұшу-қону жолағындағы плиталар ауыстырылды. Кезекті комиссия 25-наурыз күні келіп, бүгін шешімін шығарған.

«Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта жандандырды. Қауіпсіздік үшін тек күндізгі уақытта ұшып-қонуға рұқсат беріліп отыр. Бүгін жөндеуден кейін Нұр – Сұлтан – Ақтөбе бағытында бір рейс келді. Өзге компанияларға да хабарландыру берілді», - деді «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев.

Еске салсақ, облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу кезінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин әуежайда кемінде 500-ге жуық плита ауыстырылуы керек екенін айтты. Бұл жұмыс 2-3 ай мерзімде аяқталуы тиіс еді.


Соңғы жаңалықтар