Ақтөбе әуежайы авиаотын тапшылығына қатысты түсінік берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайында қазір 1 100 тонна авиаотын бар. Оның 100 тоннасы әуежай әкімшілігіне тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

SCAT әуекомпаниясының мәлімдемесінен соң Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы авиаотын туралы мәлімет берді.

«Қазір қорда 1 100 тонна авиаотын бар. Оның 100 тоннасы әуежай әкімшілігіне тиесілі. Бірер күнде әуежайға тағы 180 тонна авиаотын жеткізіледі. SCAT әуекомпаниясынан өзгелері рейсті үздіксіз жүргізе алады. SCAT әуекомпаниясының мәлімдемесі рас. Олардың өздерінің авиаотыны қазан айының ортасында бітті. Бітіп қалған соң олар коммерциялық бағада сатып алуға мәжбүр. Бұл қарапайым адамдарға, қызметті пайдаланатын тұрғындардың қалтасыне салмақ түсіреді. Билет құны өсуі мүмкін. Айта кетейін, бұл компания айына шамамен 1 мың тонна отын пайдаланады», - деді Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы басқарма төрағасының орынбасары Қаламқас Өтеғалиева.

Оның айтуынша, SCAT әуекомпаниясы қазір Ақтөбе әуежайының авиаотынын пайдаланып отыр.

Айта кетейік, SCAT әуекомпаниясы күніне екі рет Алматыға, бір рейс Ақтау, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларына жасайды.


Соңғы жаңалықтар