Ақтөбе - Атырау тасжолының құрылыс жұмыстары сәуірде басталады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе - Атырау тасжолының құрылыс жұмыстары сәуір айында қайта басталады. Қазір мердігерлер мен жергілікті құрылыс компаниялары келісімшартқа қол қойып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе-Атырау тасжолының 150 шақырымнан астамын жөндеу жұмысы биыл басталады. Бұл 2018-2020 жылдарға арналған жоба. Халықаралық дәлізді жөндеу кезінде Қазақстан, Қытай, Ресей арасындағы байланысты жандандыруға, тауар айналымы, көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жол жөндеуге Азия даму банкінен займ алынды. Құрылыс жұмыстарын «Тодини Коструциони Дженерали С.п.А» ААҚ мен «СПИК Аккорд» АҚ жүргізуге келісімшарт жасалды. Италия мен Әзербайжан компаниялары 2020 жылға дейін құрылыс жүргізеді. Екі жылда барлығы 700 адам жұмысқа тартылады ,- деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиал басшысының орынбасары Асылбек Мұхамбетқалиев.
Жол құрылысы жұмыстары кезінде жол-пайдалану бекеттері салынып, жаңартылады. Ал жұмысшылар «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында аудан, ауылдан алынады.
null

«Қазір «Көктас-Ақтөбе» ЖШС Бершүгір карьерінен, «Тас Қарғалы» ЖШС Қарғалы ауданынан қиыршық тас жеткізу келісімшартына қол қойды. Қиыршық тас теміржолмен жеткізіледі. Ал темірбетон бұйымдарын «Стройдеталь» ЖШС жеткізеді. Су өткізу, көпір құрылысы кезінде барлығы 1600-ден астам темірбетон қажет болады. Бір сөзбен айтқанда, жол салуға қажетті барлық құрылыс материалдары Қазақстанда шығарылған»,- деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиал басшысының орынбасары Асылбек Мұхамбетқалиев.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен партиялық тыңдауда «Орталық - Батыс» тасжолын қалпына келтіру жұмысының жобалық-сметалық құжатын биыл аяқтау жоспарланғаны белгілі болды. Бұл жолдар 2020-2022 жылдары салынуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар