Ақтөбе-Атырау тас жолы қашан жөнделеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде қаланың 11 шақырымынан бастап 160 шықырамына дейінгі жолдың құрылысы әлі басталған жоқ. Халық болса, жамау-жамау жолмен жүруге мәжбүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиевтың айтуынша, 11-160 шақырымның аралығы үш учаскеден тұрады. Қазіргі кезде құзіретті мемлекеттік органдар инвестор іздеп жатыр. Оны тапқаннан кейін конкурс жарияланады. Соның нәтижесінде бірнеше мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары басталады. "Олар жолды жаңадан салады. Ол дегеніміз, бәрін бұзып тастайды да, тегістеп салады. Қазір 11-ден бастап 160 шақырымға дейінгі аралықта құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ. Мердігерлер конкурс арқылы анықталады. Ал 160-шы шақырымнан бастап 330-ға дейін екі мердігер жолды жөндеуді бастады. Біреуі - италиялық компания, екіншісі - әзербайжандық компания. Қазір жұмыс қызып тұр. Айналма жолдар салынып жатыр. Ал 330-шы шақырымнан ары қарай Атырау облысы жасайды", - деді А.Османғалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, бас кезінде Ақтөбе-Атырау тас жолының 11-160 шақырымын Ислам банкі қаржыландырады деген жоспар болған. Алайда қазір жоспар өзгерді. Енді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басқа инвесторды іздеп жатыр.

"Енді, процедуралар көп қой. Конкурс бар. Мердігерлерді анықтау қажет. Шамамен, күзге дейін бастаймыз. 160 шақырымға дейін үш учаске бар. Ол - 11-52, 52-100 және 100-160. Соған үш мердігер келетін шығар. Мысалы, 160-тан ары қарай Азия даму банкі қаржыландырып жатыр. Олар шетелдік мердігерлер келсін деген талап қойды", - деп атап көрсетті А.Османғалиев.

Фото: roads.mid.gov.k

Соңғы жаңалықтар