«Ақтөбе» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бұрын облыс әкімі болған Ермек Имантаев «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағалығына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасы ұжымына жаңа басшыны таныстырылды. «Өзіңізді мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып жүрген азамат әрі тәжірибесі мол маман ретінде Ақтөбе өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосады деп сенемін. Облысқа инвестиция көздерін тарту, бос жұмыс орындарының санын арттыру бағытында бірігіп жұмыс жасаймыз деген ойдамын», - деді Оңдасын Оразалин. Ермек Имантаев жоғары білімді. Мәскеу мемлекеттік қаржы академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Тұран» сақтандыру қоғамы директорының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Хромтау ауданының әкімі, Ақтөбе облысы Салық комитетінің төрағасы, Ақтөбе облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы, Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік институтының директоры қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар