+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Ақтөбе-Ақтау пойызында жолаушы әйел босанып қалды

2020 жылғы 5 маусым 08:15
Бөлісіңіз:
Ақтөбе-Ақтау пойызында жолаушы әйел босанып қалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – 4 маусым күні Ақтау тұрғыны «Ақтөбе-Ақтау» бағытымен келе жатқан пойызда босанып қалды. Оны теміржол құрамының бастығы мен акушер босандырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде пәтердегі газ қопарылысынан бір адам зардап шекті Түркістан облысында 12 жастағы жасөспірім суға батып кетті Атырауда Сағыз өзеніне 2 адам батып кетті

Жүктіліктің сегізінші айында болған Ақтөбе облысының тумасы Ақтауға, өз үйіне келе жатқан. Ақтөбеде анасының үйінде қонақта болған.

«4 маусым күні таңғы сағат 5-те маған жолсеріктер келіп, жетінші вагондағы әйелдің толғағы басталғанын айтты. Әріптестеріммен бірге басқа жолаушылардан пойызда дәрігер бар ма деп сұрастыра бастадық. Бесінші вагоннан ақтөбелік акушер дәрігер Светлана Нүрпейісова табылды. Босанып жатқан әйел қызметтік купеге ауыстырылып, оған көмек көрсетіле бастады. Сағат 11:10-да ол дүниеге ұл бала әкелді. Барлық стансаларда жас анаға жедел жәрдем дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бойжеткен стансалардың бірінде қалғысы келмеді», - деп баяндады Ақтөбе-Ақтау пойызының бастығы Ботагөз Қиданова.

Бұл Ботагөз Қиданованың пойызда әйел босандырудың бірінші оқиғасы емес екені анықталды. Бұл оқиғаға дейін ол үш қыз баланың дүниеге келуіне көмектескен.

«Нәрестенің есімін Дінмұхамед деп қойған. Анасы екеуінің жағдайы жақсы», - деп атап өтті Б.Қиданова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT