Ақтөбе әкімі орталық стадионды жаңа маусымға дайындамаған қызметкерлерді жазалайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің орталық стадионы жаңа футбол маусымына дайын емес. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қаржылық, кадрлық сұрақтарды қайта қарайтынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобыланды батыр атындағы орталық стадионның жағдайымен танысты. Стадион жаңа маусымға дайын емес. Мұнда бір ай бұрын жасыл алаңды жылыту құрылғысы іске қосылғанымен жұмыс алға баспаған. Яғни, күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Әрі көрермендер отыратын орын мен стадион ғимараты ескірді. Стадионға жауапты Ақтөбедегі футболдан балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Гүлназ Картанова мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махаметов мардымды жауап бере алмады.


null
«Жауапты адамдар жұмысқа жауапкершілікпен қарамаған. Шынын айтқанда, бұл жағдай жауапты адамдардың кәсіби деңгейін көрсетеді. «Жаңа маусымға дайын, мәселе жоқ» деп алдап тұрсыздар. Жағалай жауапсыздық жайлаған. Нәтижесінде жасыл алаң, секторлар дайын емес. Мен стадионның мұндай жағдайға түскенін бірінші рет көріп тұрмын. Стадионның, футболдың қала үшін маңыздылығын ескеріп, ұйымдастыру, кадрлық және қаржылық сұрақтарды шешуде шұғыл шешім қабылдайтынымды ескертемін. Кейбір адамдардың мұнда текке жүр», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, стадионды күрделі жөндеуден өткізу туралы шұғыл жиын өтетін болды.

Соңғы жаңалықтар