Ақтөбе әкімі өңірде жалақының төмен екендігі туралы айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде еңбекақы республикалық көрсеткіштен төмен. Қазақстанның батыс аймағы бойынша да ең азы Ақтөбеде. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс Қазақстан аймақтары бойынша жалақы ең төмен жалақы Ақтөбеде. Осы бағытта кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізіп, жұмыс атқарылды. Нәтижесінде мұнай-газ, кен өндіру, қызмет көрсету саласында өсім байқалады. 2019 жылы облыстың 1400-ден астам кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын орта есеппен 15 пайызға арттырды. Жұмыс жалғасады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «ҚазХром» ТҰК» АҚ мен сервистік компаниялар арасындағы жалақы өсіру жұмысы жалғасын табады», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, Ақтөбеде өткен жылы орташа жалақы 153 мың теңгеге жетті. Өткен жылы желтоқсанда 33 мыңға жуық ақтөбелік жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеге сыйақы алды.

«Әдетте ең төменгі жалақыны ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылар алады. Мал бағатындардың табысы аз. Сол себепті қойшы, бақташы тапшы. Үнемі хабарландыру береді. Ешкім барғысы келмейді. Кейде 50-60 мың теңгенің өзін шаруа қожалықтары дұрыс төлемейді. Өмірде кездесетін жайт. Кімге зиян? Алдымен шаруа қожалығы зардап шегеді. Дұрыс еңбекақы төленбесе ұрлық-қарлық болады, мал ит-құсқа жем болады. Сонымен қатар, осы мәселені шешудің жолын тапқандар бар. Мәселен, хромтаулық кәсіпкер Серік Оразымбетов жұмысшыларын тұрғын үймен қамтамасыз еткен, жалақысы жоғары. Арасында жұмысшыларын құл секілді жұмсап, ақша төлемейтіндер де кездеседі», - деді Оңдасын Оразалин.


Соңғы жаңалықтар