Ақтөбе әкімі көшенің сәнін келтіру үшін миллиондарға тұрғызылған аялдамаларды алып тастады

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында өткен жылы әрқайсысы 1 миллион 600 мың теңге болатын аялдамалар тұрғызылған болатын. Қала әкімдігі биыл бәрін қайта алып тастап, орнына біркелкі аялдамалар қондырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы орталығындағы аялдамалар өткен жылы ғана жаңартылған болатын. Биыл тағы да өзгертіліп жатыр. Тұрғындар өз қарсылықтарын білдіріп, әлеуметтік желі арқылы бюджет қаржысының ысырап болғанын жазып жатыр. Бұл жайдан Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов хабардар екен.

«Өткен жылы USB порты бар 10 аялдама сатып алынды. Бәрі қоңыр түсті болды. Артықшылығы телефон қуаттауға мүмкіндік бар еді. Аялдамаларды бақылайтын камера жоқ, адамдар қайта-қайта сындырып тастады. Сонымен қатар, қалалық сәулет отырысында Әбілқайыр хан және Молдағұлова даңғылдарына арнап біркелді аялдама павильонын қою туралы шешім қабылдап, өткен жылы қондырылған аялдамалар алынып тасталды. USB порты бар аялдамаларды басқа көшелерге қоямыз»,- деді қала әкімі Ілияс Испанов

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 500 аялдама бар болса, оның 197-де мүлде орын бекітілмеген, павильон орнатылмаған.

«Қаланың бас даңғылдарына біркелкі өлшемді аялдама павильонын қондырып жатырмыз. Тұрғындар кішкентай деп те айтып жатыр. Бірақ адам аялдамаға күту үшін емес, автобусқа мініп кету үшін барады. Автобустарды уақтылы жүргізсек, күтудің қажеті жоқ»,- деді қала әкімі І. Испанов. 

Соңғы жаңалықтар