+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақтөбе әкімдігі вакцина салдырғандар арасындағы ұтысқа 2 көлік тікті

2021 жылғы 24 маусым 21:40
Бөлісіңіз:
Ақтөбе әкімдігі вакцина салдырғандар арасындағы ұтысқа 2 көлік тікті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе әкімдігі «Екпе ал да көлік ұт» акциясы аясында ұтысқа көлік тікті. Науқан екі кезеңмен өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда 12 жасар қыз вакцинация сертификатын алды Алматыда жедел жәрдем шақыру екі есеге артты Рахым Ошақбаев вакцинацияны үгіттейтін Азаматтық штаб құруды ұсынды

Науқан екі кезеңмен өтеді. 25-маусымнан 10-тамызға​ дейін және 11-тамыздан​ 25-қыркүйекке дейін. Оған 25-маусым мен 25-қыркүйек​ аралығында Ақтөбе облысының аумағында коронавирус індетіне қарсы​ кез келген​ екпенің бірінші компонентін алған адамдардың барлығы қатыса алады.​ Жеңімпаздар​ ​ «AQTOBE» телеарнасының тікелей эфирінде​ кездейсоқ тәртіпте​ анықталады.

«Әр кезеңнің басты​ жүлдесі - 2021 жылы шыққан​ Chevrolet Cobalt маркалы автокөлігі. Сондай-ақ,​ смартфондар, планшеттер, спорттық велосипедтер, робот шаңсорғыштар мен​ смарт сағаттар сияқты​ жүлделер де​ ойнатылады. Науқан демеушілердің қаражатына өткізілмек. Науқанның толық ережелерімен​ aktobe.gov.kz. сайтында танысуға болады»,- деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT