Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 21 °С
Алматы: 21 °С
USD 345.55 EUR 401.01
RUB 5.45 CNY 50.98
Жаңалықтар

Ақтөбе әкімдігі тоқтап тұрған зауыттарға инвесторлар іздеп жатыр

2018 жылғы 12 қаңтар 22:59 1404
Бөлісіңіз:
Ақтөбе әкімдігі тоқтап тұрған зауыттарға инвесторлар іздеп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бірнеше зауыт пен өндіріс орны тоқтап тұр. Қазіргі уақытта әкімдік пен кәсіпкерлер олардың жұмысын жандандыру үшін инвесторлар іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні қаңырап тұрған зауыттар мен өндіріс орындарын сауықтыру, іске қосу, бос тұрған ғимараттарды пайдалану жоспары іске асырылып жатыр. Қала әкімдігінде өткен кеңесте Ақтөбе басшысы Ілияс Испанов кәсіпкерлерді өз бизнесін сауықтыру үшін инвесторлар іздеп, тығырықтан шығу жолын табуды тапсырды.

«Қала аумағында 8 нысан тоқтап тұр. Оның екеуі мүлде жабылып қалды. Олар: шағын трактор шығару зауыты мен тоқыма фабрикасы. Екі нысанның өндірістік базасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде спорт кешені мен бизнес-инкубаторға берілді»,- деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ұяшықты бетон өндіру зауытын ресейлік «ТД Фотон» ЖШС компаниясы сатып алды. Қазіргі кезде мүлікті сату-сатып алу келісімі жасалды. Инвестор осы жылдың екінші жартыжылдығында зауытты толықтай қайта құру және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында «Жан Ами и К» ЖШС, «Хобас Пайпс Қазақстан» ЖШС, «Актюбсельмаш» зауыты және «Эдеми» ЖШС-ның жұмысы тоқтап тұр. Кәсіпорындар көбіне қаржы айналымының жетіспеушілігі мен құрал-жабдықтардың тозуынан тұралап қалған.

 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат