Ақтөбе әкімдігі неліктен қар жауғанда жол салынып жатқанын түсіндірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Оңтүстік айналма жолдың құрылысы бітпей қалды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қар түскенде асфальт емес, қара қиыршық тас төсегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Оңтүстік айналма жолында жол құрылысы түнде жүргізілген. Бұл видео әлеуметтік желі арқылы тарап, тұрғындар шағым білдірді.

Ал облыстық әкімдік бұл асфальт төсеу емес, қара қиыршық таспен жолдың астыңғы қабатын сақтап қалуға арналған әдіс деп отыр.

«Бұл - келер жылға дайындық. Жолдың астыңғы қабатын сақтап қалу мақсатында қара қиыршық тас төсеп жатыр. Мердігер мекеме осы жолмен бұған дейін атқарған жұмысын сақтап қалғысы келді. Келер жылы бәрі қалпына келтіріліп, нағыз асфальт төселеді. Мердігер мекеме – «КТП» ЖШС. Оңтүстік айналма жолдың 21,5 – 35,3 шақырымы аралығына сол компания жауапты. Жоба ауыспалы. 2018 жылы басталды, келер жылы аяқталады», - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Төреғалиев.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы Тельман Малаевтің айтуынша, бұған дейін барлық басқарма басшылары мен мердігерлерге ауа температурасы -5 градус болған кезде асфальт жабындысын төсеуге болмайтынын ескерткен.

Бұл туралы қыркүйек айында барлық мердігерге хабарлама жіберілді.


Соңғы жаңалықтар