Ақтөбе әкімдігі мен кәсіподақтар кеңесі және жұмыс берушілер бірлестігі арасында келісімге қол қойылды

None
None
АҚТӨБЕ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласының әкімдігі облыстық кәсіподақтар, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер кеңестерімен 2010-2010 жылдардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің жалпы ұстанымдарын, оны жүзеге асыру бойынша тараптардың бірлескен іс-әрекеттерін бекітетін келісімге қол қойды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Тараптар экономикалық саясат, еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау, еңбекақы, халықтың табысы және өмір деңгейі, еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігі және тұрақты жұмыспен қамту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, жұмыс істейтін әйелдердің және жұмысшы жастардың құқығын қамтамасыз ету әрі оған кепіл беру, әлеуметтік әріптестік сынды мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік жүктеді.

Бинестің әлеуметтік жауапкершілігі күшейтілді, әсіресе еңбек қауіпсіздігі және қорғау, ұжымдық келісім-шарт жасау, жұмысшылардың құқығын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар