Актерлердің мансабы көбіне сәтсіз аяқталады - зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Зерттеушілер тобы 2,4 млн кино және телеарна актерінің өміріне талдау жасады, деп жазады Австрияның Der Standard басылымы.

«Күрделі жүйелер теориясын зерттеу орталығының ғалымы Вито Латора бастаған бір топ зерттеушілер тобы мен Лондон университетінің мамандары кинематорафия мәліметтері жиналған халықаралық базадағы 1,5 млн актер мен 900 мың актрисаның өмірін сараптаған. Зерттеушілер 1888 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңді қарастырған», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, кино мен телеарна пайда болғалы нағыз жұлдыздар өте аз, ал жылдам сөнген метеориттер көп болған. «Ғалымдар нысанына іліккен актерлердің 90%-ы жұмыссыз болса, 2%-ы ғана өз мамандығымен табыс тапқан. Актерлердің 70%-ның мансабы басталған жылы-ақ аяқталып отырған. Ал басқаларында жыл сайын құлдырау кезеңі болған», деп жазады автор.

Зерттеушілердің айтуынша, экраннан жиі көрініп жүрген актердің жаңа жұмысқа шақырту алу мүмкіндігі көп болады.

«Актер мамандығында жиырма жылдан астам уақыт жүрген адамдардың ең сәтті кезеңі мансабының басына тұспа тұс келеді. Ғалымдардың айтуынша, статистика деректері арқылы актердің мансабының қандай күйде екенін 85 пайыздық дәлдікпен анықтауға болады. Дегенмен, статистика экраннан жоғалып кеткен адамдардың қайта оралуын нақты айта алмайды. Зерттеушілер алған мәліметтер де мұндай жағдайлардың өте сирек кездесетінін көрсетіп отыр», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар