Актер Том Хэнкс пен оның жұбайы коронавирус жұқтырып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Актер Том Хэнкс зайыбы Рита Уилсонмен бірге Австралияда коронавирусқа тапсырған сынамасының қорытындысы оң болғанын айтып берді, деп жазады ВВС.

63 жастағы Хэнкс пен оның зайыбы Квислендте суық тию белгілері пайда болған соң, медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы актер Инстаграмдағы парақшасында жазды.

Енді олар үйдегі карантинде отыратын болады.

Актер мен оның зайыбы Квислендтің Алтын жағалауында уақыт өткізген. Бұл жерде Хэнкс Элвис Пресли туралы фильмді түсіру жұмыстарына қатысты.

Хэнкс Инстаграмда: «Біз өзімізді аздап шаршағандай сезіндік. Суық тию белгілері пайда болып, денеміз ауырды. Рита аздап қалтырап жүрді. Сондай-ақ, дене қызуымыз да болған. Коронавирусқа тест тапсырсақ, олар оң болып шықты» деп жазған.

Хэнкс әйелі екеуінің жағдайы туралы барлығын хабардар етіп отыратынын және үйдегі карантинде қажетті уақыт өткенше отыратынын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар